• Работаем с 2000 года
  • Актюбинский индустриально-профессиональный колледж

  • г.Актобе, ул. Маресьева, 10
    Телефон: +7 (7132) 56-45-12,
    Телефон пр.комиссии: +7 (7132) 59-53-28
    E-mail: info@aknig.kz

  • Награды

    Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Ұстаз барысы” облыстық турнирінің техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында өткізілген, іріктеу кезеңіне «Технология және спорт»  бөлімі оқытушысы А.А. Мажитов қатысып 3 жүлделі орынды иеленді.

    Құттықтаймыз !!!

    Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өткізілген «Жас барыс» облыстық іріктеу жарысында 1300 тобының білім алушысы                         Аманжолов Мағжан жүлделі 1 — орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!

    Республикалық «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауының облыстық кезеңіне 1160 тобының білім алушысы Байтлеуов Даниал қатысып шығармашылық қабілетін жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін 1 жүлделі орынды иеленді.

    Нұр-Сұлтан қаласында самбо күресінен жасөспірімдер арасында өткізілген ашық біріншілігінде 1300 тобының білім алушысы Аманжолов Мағжан жүлделі 1 орынды иеленді. Құттықтаймыз!

    АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген IBJJF және ALGA грэплингтен балалар мен ересектер арасында “KOKZHAL CHAMPIONSHIP OPEN” ашық қала турнирінде 2300 тобының білім алушысы Шалабаев Даниал жүлделі 2 орынды иеленді.

    Ақтөбеде жүзуден өткізілілген Қазақстан Республикасының чемпионатында Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжінің білім алушылары Тасжанова Диана 3300 тобы, Саржанова Олесья 2310 тобы қатысып жүзу түрлері бойынша жүлделі орындарды иеленді.

    200 м баттерфляй-Тасжанова Диана 2 орын

    1500 м еркін жүзу-Тасжанова Диана 1 орын

    100 м баттерфляй – Тасжанова Диана 1 орын

    Эстафета 4*100 – Саржанова Олесья 1 орын

    Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне Шалқар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырылуымен “Салауатты өмір салтын насихаттау, спорттың бұхаралығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған жарыста тоғызқұмалақтан колледждің 1300 тобының 1 курс білім алушысы Мұстафин Нұрхан 1 орын алды

    Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында  өткізілген таеквондадан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 2300 тобының білім алушысы Исина Жазира жүлделі  І орынды иеленді.

    1190 тобының білім алушысы Тынышқали Нұрдәурен Дзюдодан жасөспірімдер арасында өткізілген Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделі 3-орынға ие болды

    «KAZENERGY» Ассоцияциясының 15-жылдығына орай өткізілген Республикалық «Энергия-өмір көзі» тақырыбындағы анимациялық және танымдық видеороликтер байқауында «Мұнай-газ ісі және Ақпараттық Технологиялар» бөлімінің 2190 тобы білім алушысы БАЙГАЛИЕВА АЙЫМГУЛ  ФИНАЛИСТ дипломымен марапатталды.

    Спорт және салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген техникалық және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы ХХІ обыстық спартакиадасы жоспары бойынша 25.01-30.01.21 күндер аралығында тоғызқұмалақ,үстел теннисі, футзал спорт түрлері бойынша жарысқа колледж білім алушылары қатысып жүлделі орындар алды. Атап айтар болсақ:

    Футзал – 2 орын

    Тоғызқұмалақ ұлдар командасы 3 орын
      қыздар командасы 5 орын
    Үстел теннисі ұлдар командасы 1 орын
      қыздар командасы 2 орын

    2019-2020 оқу жылы жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында техникалық және  орта кәсіптік білім беру ұйымдарына  арналған ХХ облыстық Спартакиадасында жоғары нәтиже көрсеткені үшін Ақтөбе Мұнай және Газ колледжі  ІІІ жүлделі орынға ие болды.

    Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары арасында өткен облыстық пәндік олимпиадаға Ақтөбе Мұнай және Газ колледжінің жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы  Кәдірбаева Найля Сәлетбайқызы қатысып, ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Құттықтаймыз!













           Ақтөбе Мұнай және Газ колледжінің тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы Сарбасова Кульбагира Каировна Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 80 жыл толуына орай «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы»  Ақтөбе филиалының Алғыс хатымен  және ақшалай сыйақысымен марапатталды.

        Жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы Кульбагира Каировнаны марапатымен құттықтап, биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз!

    Дизайн и разработка Медиа-агентства АктобеИНФО"